Алтай филиалы архивіндегі дәріс және экскурсия
Өзің білмейтін дүниені жақсы көру мүмкін емес, өскелең ұрпақ өз өлкесінің, өз қаласының тарихын білмесе, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін дарыту өте қиын. Сондықтан, біз, тарихты сақтаушылар ретінде, осы жоғары сезімді тәрбиелеуге үлес қосуға міндеттіміз. Тарихи-деректі мұралары бар Архив, жас ұрпақты және өз ауданының тарихына қызығушылық танытқандарды таныстыруға тырысады. 2021 жылдың 15 және 19 қазанында Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының "Мемлекеттік архив" КММ Алтай филиалында Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының КММ "№1 Арнайы мектеп" -тің 6,7 және 8-сынып оқушылары үшін бірқатар дәрістер мен экскурсиялар жүргізілді. Архивист О. Губарева оқушыларға Алтай қаласы мен Алтай ауданының қалыптасуы мен дамуы, тау-кен жұмысшылары туралы, қала құрылысы кәсіпорындары туралы айтып берді. Балаларға Тұрғысын ГЭС құрылысының фотосуреттеріне шолу жасатып, XVIII-XX ғасырлардағы Зырян ауылының қарапайым тұрғындарының өмірі туралы суреттер ұсынылды. Дәрістен кейін оқушылар үшін Алтай филиалының архивіне экскурсиялар жүргізілді, балалар құжаттардың қалай сақталатынын, мемлекеттік архивтердің рөлі, мемлекеттік архив жұмысының міндеттері мен мақсаттары туралы білуге мүмкіндік алды. Біздің туған өлкенің тарихын, архивтік құжаттар арқылы зерттеудегі көмегіміз оқушылардың қызығушылығын тудырып, архив қызметкерлерін қуантты.