"Ауылдың гүлденуі-Қазақстанның гүлденуі"
Ауыл өмірі - ерекше өмір. Мұның бәрін өз көзіңізбен көргенде ғана түсінуге болады. Ойлап қарасаң әлі де ауылда жан сақтау үшін емес, ауылда тұрғысы келетіндер тұрады. Бұл әлемде бәрі өзгеріп отырады, ал ауыл еңбегі бәріне де, әр-қайсымызға қажет. Ауыл тұрғындарының еңбегінің жемісін, біздің еліміздегі кез-келген адам пайдаланады, мейлі ол үлкен мегаполистің немесе шағын қаланың тұрғыны болсын. Біз күн сайын өз үстелімізде көретін барлық байлықтардың қалай және қайда өндірілетінін әрдайым есте ұстауымыз керек. Алтай қаласында "Алтай ауданының ОКЖ" КММ "Өлкетану залы" бөлімінде "Горняк" мәдени – сауық орталығының ұйымдастырушылық - әдістемелік қолдауымен "Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі" көрмесі өтті. Көрме еліміздің Тәуелсіздік жылдарындағы ауыл шаруашылығының, Алтай ауданы ауылының еңбеккерлерінің жетістіктерін ұсынады. Іс-шарада Алтай ауданы ауылдарының тарихында үлкен із қалдырған өлкеміздің табиғаты бейнеленген суреттер мен өз жеріне қолының жылуын бере алатын, жаны мен талантын сүйікті ісіне сала алатын адамдар туралы фотосуреттер ұсынылған. Көрмеге Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының "Мемлекеттік архив" КММ Алтай филиалының қызметкері О. Губарева қатысты.