Бүкіләлемдік лайықты еңбек күні мерекесіне арналған салтанатты жиыны
2021 жылы 07 қазанда Шығыс Қазақстан облысының облыстық кәсіподақ кеңесінде «Қазақстандық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерелерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ облыстық филиалымен Бүкіләлемдік лайықты еңбек күніне және Қазақстан Республикасының кәсіподақтар күніне арналған салтанатты мәжілісі өткізілді.
Іс-шарада «Қазақстандық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерелерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ ШҚО филиалының басшылары, ұйымдардың басшылары, кәсіподақ актівисттері қатысты.
Мәжіліс қатысушыларына деген құттықтау сөзбен ШҚО филиалының төрағасы Түсіпхан Түсіпханұлы Түсіпбеков сөз сөйледі.
Жиын барысында, еңбек заңнамасындағы өзгерістер туралы, салалық кәсіподақ филиалымен және «Мәдениет басқармасы», «Цифрландыру және архивтер», «ШҚО дене шынықтыру және спорт бақармасы» ММ арасындағы әлеуметтік серіктестік туралы аумақтық келісімге қол қою туралы, «Татуласу орталығы» мәмілесу орталығының жұмысы туралы ақпарат айтылды.
Мәжілісте «Мықты бастауыш – мықты кәсіподақ» республикалық байқау сайысының қорытындылары жарияланды.
Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ бастапқы кәсіподақ ұйымы «Үздік бастауыш ұйымы» дипломымен марапатталып, ақшалай сыйлықақысы табысталды.
Еңбек күніне орай, еліміздің өркендеу жолындағы ерен еңбек үшін саланың кәсіподақ қозғалысын дамытуға және нығайтуға қосқан үлесі үшін, сондай-ақ «Қазақстандық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерелерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ Еңбек күнімен құттықтап, облыстың мемлекеттік архивінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Бакытгуль Кабдыслямовна Адилбекова Құрмет грамотасымен марапатталды.