Елді мекендерді көркейту, көгалдандыру деңгейін арттыру және санитарлық жағдайын сақтау мақсатында екі айлық сенбілік
Аудан әкімдігінің 2021 жылдың 29 наурызындағы №159 қаулысына сәйкес округтегі елді мекендерді көркейту, көгалдандыру деңгейін арттыру және санитарлық жағдайын сақтау мақсатында екі айлық сенбілік жарияланып отыр.
Жарма филиалына қарасты учаскесінде тазалық жұмыстары жүргізілді, атап айтқанда сынған бұтақтарды жинау, қоқыстарды шығару, шөптерді шабу жұмыстары жүргізілді.
«Тазалық» акциясына Жарма филиалының ұжымы белсене қатысты.