Алтай ауданының саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтап алу жөніндегі жұмыс тобының отырысы
2021 жылғы 27 тамызда Алтай ауданы әкімі аппаратының кіші залында Алтай ауданы әкімінің орынбасары Ж.А. Асқарованың төрағалығымен және аудандық комиссия мүшелері: Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының "Мемлекеттік архив" КММ Алтай филиалының директоры С.К. Сейлхановтың және Алтай ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі КММ "Өлкетану залы" бөлімінің меңгерушісі Д.А. Никитиннің қатысуымен Алтай ауданының саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтап алу жөніндегі жұмыс тобы мүшелерінің отырысы өтті. Күн тәртібіне сәйкес «Ақталмаған саяси қуғын-сүргін құрбандарының деректер базасын қалыптастыру туралы" мәселелер қаралды. Қуғын-сүргін түрлерін жіктеу және қуғын-сүргінге ұшырағандардың санаттарын анықтау және ақталмаған адамдардың құқықтарын қалпына келтіру мәселелері бойынша азаматтардың өтініштері мен шағымдарын қарау шеңберінде мемлекеттік органдармен жұмыс қорытындысы бойынша ақпаратты Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының "Мемлекеттік архив" КММ Алтай филиалының директоры С.К. Сейлханов баяндады. Сонымен қатар, күн тәртібінде "Саяси қуғын – сүргінге негіз болған тарихи материалдарды, архивтік құжаттарды және ҚазССР мен КСРО нормативтік құқықтық актілерін зерделеу мәселесі бойынша ақпаратты Алтай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі КММ "Өлкетану залы" бөлімінің меңгерушісі Д.А. Никитин баяндады.