Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Зайсан архивінде Республикалық жұмыс тобы жұмыс істеуде

Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Мемлекеттік архив» коммуналды мемлекеттік мекемесінің Зайсан филиалында 2021 жылдың 06 қыркүйегінен бастап саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі республикалық жұмыс тобы жұмыс істеуде. «1916-1930 жж. Мемлекеттің жазалаушылық әрекеттері мен биліктің саяси қуғын-сүргін кезіндегі түрлі зорлық-зомбылық саяси науқандар мен аштық кезінде Қазақстаннан кетуге мәжбүр болған қазақстандық босқындарды ақтау бойынша зерттеу, ұсыныстарды дайындау және енгізу» тақырыбы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Түлектері қауымдастығының атқарушы директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Балтабаева Гүлғазира Нұранқызы оқу залында архив қорларымен жұмыс істеуде. Тарихымызды зерттеуге келген ғалымдарымыздың жақсы жұмыс істеулері және құжаттарды пайдаланулары үшін барлық жағдайлар жасалуда.  

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2021
Рейтинг@Mail.ru