"Шаңырақ" медиация орталығының семинар-тренингі
2021 жылғы 24 маусымда Алтай қаласының "Горняк" мәдени-демалыс орталығында "Шаңырақ" медиация орталығының ұйымдастыруымен келісім комиссияларының мүшелері мен мекеме қызметкерлеріне арналған семинар тренинг өтті. "Тиімді келісім комиссиясы", "еңбек дауын шешу тәртібі" тақырыптары бойынша семинар-тренинг өтті. Семинар-тренингтің негізгі мақсаты медиация тәртібінде жанжалдарды, дауларды шешу бойынша мәселелерді талқылау болды. Іс-шараға қатысқан Алтай филиалының архивистері еңбек мәселелері, банктік даулар және азаматтық-құқықтық сипаттағы басқа да даулар бойынша келіспеушіліктер мен даулар туындаған жағдайда медиацияны қолдану туралы толық ақпарат алды. Олар өздері үшін қақтығыс көп жағдайда тараптардың қарым-қатынасын бұзбай, бір мәмлеге келу мүмкін екенін атап өтті. Сонымен қатар, семинар-тренинг тыңдаушылары Медиация қағидаттарының негіздері: тараптардың еріктілігі, тең құқылығы, медиатордың тәуелсіздігі мен әділдігі, медиация рәсіміне араласуға жол бермеу, құпиялық бойынша білім алды. Семинарды " Шаңырақ "медиация орталығының директоры - кәсіби медиатор, жаттықтырушы-нұсқаушы Абдрахманова Елизавета Амировна және психолог-метафизик, ерекше балалардың консультанты Оралбаева Анар Кенжекановна өткізді. Семинар-тренинг соңында архивистер О.Губарева мен Е. Красовская семинар-тренингті тыңдағаны туралы сертификаттарға ие болды.