Covid-19 ауруына қарсы екпе туралы
2021 жылдың 08 маусымында Алтай филиалында архив қызметкерлерімен "Коронавирустық инфекцияға қарсы екпе" тақырыбында әңгіме өткізілді, Бастамасы және ұйымдастырушысы Шығыс қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының Алтай филиалының "Мемлекеттік архив" директоры Сабырбек Кәкенұлы Сейлханов болды. Әңгімелесуді Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Алтай ауданының ауданаралық ауруханасы" ШЖҚ КМК дәрігер-эпидемиологы Л.Б. Қасымбаева жүргізді. Инфекциядан кейін оңалту және осы жағдайда екпе салдыру мүмкіндігі туралы мәселелер егжей-тегжейлі қаралды. Дәрігер архив қызметкерлерінің екпе салдыру туралы сұрақтарына толыққанды жауап берді.