«Мәңгілік рух»
Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ, көрнекті қазақ қоғам қайраткері, «Алаш» партиясының көшбасшыларының бірі, Әлихан Бөкейхановтың 155-жылдығына арналған «Мәңгілік рух» атты бейнеролик ұсынып отыр.
Әлихан Бөкейханов 1866 жылы наурыздың 5 Семей облысы, Қарқаралы уезі, Тоқырауын болысында 7-ші ауылында туған. Әлихан Бөкейханов – қазақ қоғам қайраткері, журналист, этнограф. Ол Алаш партиясының көшбасшыларының бірі болатын. 1917 жылы Қазақстан бойынша Уақытша өкіметінің комиссары болып тағайындалды. Сол жылдың желтоқсан айында екінші Бүкілқазақ құрылтайында (құрылтай съезінде) Әлихан Бөкейхановтың бастамасымен Алаш автономиясы жарияланды. Үкіметтің жоғарғы органы болып Уақытша Халық Кеңесі сайланып, «Алаш Орда» атына ие болды, ал оның төрағасы болып Әлихан Бөкейханов тағайындалды. 1919 жылы Алаш Орда большевиктерге қарсы көтеріліс көтергенімен оңтайлы нәтижемен аяқталмады. Осының барлығы Алаш Орданың таратылуына әкелді, ал автономия құрушыларына кешірім жасауды уәде етті. Бірақ, істе кеңес өкіметі ештеңені де ұмытқан жоқ, 30-шы жылдары автономия үшін күреске қатысы барлардың бәрін жазалады. 1920-1930-шы жылдары Әлихан Бөкейханов үш рет ІІХК органдарымен тұтқындалды. 1937 жылдың 27 қыркүйегінде «лаңкестік ұйымға» жатқандығы үшін сотталып сол күні атып өлтірілді.
Бейнеролик С.И. Фазыловтың «Алаш: трагедия и триумф» фильмі негізінде әзірленген. Осы ролик Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік архивінің сайтында «Бейнематериалдар» бөлімінде орналасқан.