Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Журналист, Ұлы Отан соғысының қатысушысы – Иван Георгиевич Макеевтің туған күнінен 110-жылдығына орай ақпараттық хат

2021 жылдың 26 қыркүйегінде журналист, өлкетанушы, Ұлы Отан соғысының қатысушысы – Иван Георгиевич Макеевтің туғанына 110 жыл толады.

Макеев Иван Георгиевич 1911 жылы қыркүйектің 26 жұлдызында Ленинградская облысы Лужский ауданының Олешно ауылында, көп балалы кедей шаруа отбасында дүниеге келген.

1927 жылы Макеев И.Г. Нежадов ауылының алты сыныптық мектебін бітіріп шыққан.

Ленинград әскери байланыс мектебіне түсе алмағандықтын Макеев И.Г. ең алдымен әскери мектепке, содан кейін Ленинград кеме жасайтын зауытына жұмысқа орналасады. Журналистикадағы өзінің алғашқы қадамын зауыттың көп тиражды газетінде бастады. Қажырлы еңбегі арқасында, өз бетімен білім алумен, зауыттың комсомолдық өмірінде белесенді қатысқаны үшін, Иван Георгиевич Воровский атындағы Ленинград коммунисттік журналистика институтына оқуға жолданады. Оқу бітіргеннен кейін 1933 жылы БЛКЖО ОК-нен Алма-Ата қаласындағы «Ленинская смена» комсомолдық газетіне жұмысқа жолдама алады.

Иван Георгиевич Ұлы Отан соғыс басталғанға дейін «Ленинская смена», «Казахстанская правда», «Карагандинский комсомолец», «Правда южного Казахстана» газеттердің редакциясында, сондай-ақ Қарағанды, Шымкент облыстарының комсомолдық және партиялық ұйымдарында жұмыс істеген.

1941 жылдың қараша айында Макеев И.Г. әскерге шақырылады, саяси құрамы курсын бітіре сала 1941 жылы желтоқсан айында аға саяси жетекшісі мәртебесіне ие болады да Самарканд қ. қалыптастырылған 103 атқыштар дивизиясына әскери қызметке келеді.

1942 жылдың мамыр айында Иван Георгиевич қызмет етіп жүрген полк қоршауға алынады. Сонымен әскери тұтқындар лагерлерінде, концлагерлердегі таусылмайтын күндері басталды. 1945 жылдың мамыр айында ғана американдық әскерлерімен босатылды, ал 1945 жылдың қазан айында Отанына оралып, әскери шені қалпына келтіріліп, әскерден қайтарылды.

Соғыстан кейін Иван Георгиевич Макеев журналистикалық қызметін, қоғамдық өмірде белсене қатысуды жалғастырды.

1953 жылдан бастап Иван Георгиевич Өскемен қаласының «Знамя коммунизма», «Голос народа», «Рудный Алтай» газеттерінде жұмыс жасады.

Иван Георгиевичтің еңбек және әскери жолы сансыз көп марапаттармен белгіленеді.

Иван Георгиевич Макеев 1985 жылы желтоқсан айында қайтыс болды.

И.Г. Макеевтің жеке қорындағы 1922-1985 жылдардағы құжаттар 127 істен құралады.

И.Г. Макеевтің Шығыс өңірінің және республикадағы  комсомол, Алтайдан қоныс аударған питер коммунарлары, бірінші коммунна тарихы бойынша және Павел Петрович Бажов туралы материалдар өлкетануды дамыту үшін ғылыми-тарихи құндылығы зор.

Оның өлкетану жұмысында Кеңес Одағының батыры Ызғұтты Айтықовтың өмірі және тағдыры туралы материалдыр ерекше орын алады. Қосылған құжаттар негізінен түпнұсқада: майдандастардың еске алулар мен хаттары, Ы. Айтықовтың туған туысқандарының фотосүреттері. Ы. Айтықовтың майданнан анасына арнап жазған қазақ тіліндегі хаты ерекше құнды болып табылады.

Осы ақпарат, Сізде қызығушылық танытса, Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ-не сұрау салуыңызға болады: 070004, Өскемен қаласы, Бейбітшілік көш., 26/1, тел. 255976, 254310.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru