9 мамыр- Жеңіс күні !
Бұл - сан мыңдаған ұрпақ үшін, ұлты мен тілі бөлек, діні мен мәдениеті бөлек халықтар үшін ортақ мереке. Ұлы Отан Соғысының аяқталғанына міне 76 жыл толды. Отаны үшін қаншама әпкелеріміз бен ағаларымыз жанын қиды. Бірінің әкесі, бірінің ағасы қаза тапты. Қаншама жас боздақтардың қыршын жасы қиылды. Сондықтан адамзатқа әрқашан соғысты тоқтататын жеңіс керек. Осыдан 76 жыл бұрынғы жеңіс сонысымен қымбат. 4 жыл 1418 күн мен түн қан кешіп, кейінгі ұрпаққа тыныштық әкелгені үшін қасиетті. Әрине, жеңіс өздігінен келген жоқ. Оны елі, жері үшін отқа түскен ерлер ерлігі жеткізді.
Зулап өткен зымыран уақыт біртіндеп ескі жараның ауызын бітей бастады. Сұрапыл соғысты көрген қарияларымыз да біртіндеп кетіп жатыр. Соғыстан кейінгі жылдарын артта қалдырып, XXI- ғасырға қадам басып отырған ардагер қариялар көненің көзіндей болып, тірі шежіре ретінде арамызда жүр. Сонымен қатар Аягөз филиалы архивында Ұлы Отан соғысының ардагерлері Сабитов Оразбек Сабитұлының, Бородин Борис Борисовичтің, Айнажаров Ішпекбай Маметовичтің, Қалиев Қуатжан, Әбеков Сармырза, Жунусов Секен, Касьянов Сейлхан, Бланов Чайх аталарымыздың және ауған соғысының ардагерлері Арқабаев Айтын Қыдырмаұлының, Құсаинов Марат Жамбұлұлының, Мурсалиев Мұрат Кенжебекұлы, Жатақбаев Бейбіт Каримовичтің жеке тектік құжаттары архив қабырғасында сақтаулы. Жеңіс күніне бүгінде 76 жыл толып отыр.
Аягөз филиалының архивистері баршаңызды жеңіс күнімен құттықтайды!