Вакциналау
Бүгінгі таңда бәріміз көріп-біліп отырғандай індетпен күрестің бірден бір тиімді жолы – вакциналау екенін бүкіл әлем мойындап отыр. Бүгінде ауданымызда екпе салдырып жатқан адамдардың саны да артып келеді. Сейсенбі күні Мемлекеттік архивтің Жарма филиалы ұжымы директор Рахимов Б.А. және де архивист Сахарина Ж.Н., Абылканова А.М. аудандық орталық ауруғанаға барып, COVID-19 қарсы ресейлік «Спутник V» екпесін салдырды. Екпе алып болған соң, 30 минуттай медициналық бақылау аймағында дәрігердің қадағалауында болды. Короновирусқа қарсы вакцинаны салдырған әріптестерімізде қандай да бір аурудың асқыну белгілері байқалмады.