Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Алтай қаласындағы төртінші аудандық Егоров оқулары

2021 жылдың 26 сәуірінде Алтай қаласының КММ "Орталық қалалық кітапхана"-сы Александр Иванович Егоровтың 95 жылдығына арналған төртінші  аудандық Егоров оқуларының ұйымдастырушысы болды. Осы жылдың сәуір айында біздің танымал жерлесіміз, жазушы және ақын Егоров Александр 95 жасқа толар еді. Александр Иванович өзі туралы жақсы естелік, өшпес із және өзінің ерекше жұмыстарын қалдырды. Ерекше даналық, батылдық, таланттың табиғи күші оған таңғажайып туындылар жасауға мүмкіндік берді. Әр адамның әдемі әлемі өз тағдыры бар дегендей Егоров өмір бойына із қалдыратын адамдар қатарынан болды. Көктемнің шуақты күнінде Алтай қаласының "Орталық қалалық кітапхана" КММ-де жазушыны және оның шығармашылығын еске алу үшін достары, жанкүйерлері және А.И. Егоровты шығармаларын сүйіп оқитындардың барлығы жиналды. Кештің басында ақын туралы бейнеролик көрсетілді, оған жазушының шығармаларына көптеген қызықты фотосуреттер мен иллюстрациялар кірді. Кездесуде Александр Ивановичтің көптеген тыңдаушыларының орындауында оның шығармаларынан үзінділер оқылды, бұл іс-шара жерлесіміздің шығармашылығына толық үңілуге мүмкіндік берді. Бұл жарқын жүзді адам, өмірінде көптеген игі істер жасай алды, жауынгер омарташы, суретші, журналист, театр актері, болып жұмыс істеді. Оның шығармашылыққа деген сенімі ешқашан бұзылмаған. Белгілі жазушы Александр Егоров 4 жыл бұрын қайтыс болды, бірақ ол туралы естеліктер, асыл жерлестерінің жүректерінде осы күнге дейін сақтаулы. Іс-шараға ШҚО цифрландыру және архивтер басқармасының "Мемлекеттік архив" КММ Алтай филиалының қызметкерлері Е. Красовская мен О. Губарева қатысты.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru