Парасаттылық жолы
Мемлекет өркендеуі үшін оның азаматтары парасаттылық, адалдық, әділеттілік принциптерін ұстануы керек. Біздің әрқайсымыз уақыттың талабын терең ұғынып, мына формуланы ұстануымыз керек: парасаттылық – ұлттың рухани өзегі, прогрессивті қоғам өмірінің нормасы.
2021 жылғы 21 сәуірде "Парасат жолы" - "Парасаттылық жолы" жобасы шеңберінде онлайн - конференция режимінде ZOOM платформасында "адалдық пен парасаттылық қоғам дамуының негізі тақырыбында диалог өткізілді. Онлайн-кездесуді Алтай қаласының "Орталық қалалық кітапхана" КММ ұйымдастырды. Диалогқа Алтай ауданының КММ "орталық кітапхана жүйесі" филиалдары, Алтай қаласының №6 орта мектебінің 10 сынып оқушылары, ШҚО цифрландыру және архивтер басқармасының "Мемлекеттік архив" КММ Алтай филиалының қызметкерлері: Красовская Е., Козлова Т., Житкова И. қатысты. Іс-шараның қонағы, Алтай ауданында және одан тыс жерлерде танымал адам, Алтай ауданының Қоғамдық кеңесінің өкілі, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, РОО орталық кеңесінің мүшесі Гейгер Элла Яковлевна. Іс-шараға қатысушылар арасындағы диалог барысында пікірталас өте қарапайым болғанымен, маңызды тақырып - адалдық, ізеттілік, ар-ождан сияқты адамгершілік қасиеттер бойынша өтті. Элла Яковлевна диалогқа қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Алтай филиалының қызметкерлерінің сұрағына қазіргі инновациялық технологиялар заманында абырой, ар-ождан сияқты моральдық категорияларға бір-бірімізбен қарым- қатынас жасау, біздің ара-қатынастарымызды, жылы мейірімді, шынайы етуге әкеледі деп Э.Я.Гейгер толық жауап берді,бұл тұжырым жасауға және алтайлықтардың жас буыны үшін ойлануға себеп болды. Диалогқа қатысушылардың әрқайсысының өз пікірі мен естігендерін бағалап, қорытындылады, өйткені біздің айлакер заманымызда бір - біріне адал қарым-қатынас жасау-еліміздің жетістігінің басты факторы екенін кесіп айтты.