Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Архивке онлайн экскурция

«Архивке шексіз теңізге жақындағандайсың, оның әр тамшысы керемет жаңалық ашады». тарихшы, академик М.В. Нечкина.Академиктің сөзіне Алтай ауданының 8-11 сынып оқушылары көз жеткізді, олар үшін "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Шығыс қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының Алтай филиалы "Алтай ауданының ОКЖ" КММ "Өлкетану залы бөлімі" және Шығыс қазақстан облысы білім басқармасының "Алтай ауданы бойынша білім бөлімі" ММ бірлесіп архивке онлайн режимінде экскурсия өткізді. Экскурсия барысында архив қызметкерлері О. В. Губарева, Е. Л. Красовская, Т. С. Козлова. оқушыларды архивтік құжаттарды сақтау шарттарымен, оқу залының жұмыс тәртібімен таныстырды. Оқушылар тікелей эфирде архив - бұл біздің өлкеміздің тарихы, халықтың өткенімен уақыт арсындағы мәдениет пен қоғамдық өмірдің даму тарихы осы архивте  сақталатынын айтып өтті. Балалардың назарына архивте сақталған бірегей құжаттар ұсынылды, олар өткен ғасырдың басында қандай оқиғалар болғаны, біздің өлкемізде қандай адамдар өмір сүргені туралы айта алады, сондай-ақ шолуға Зырян қаласының 1890-1902 жылдар кезеңінде Зырян кен орындарын әзірлеу үшін патшалық Ресей үкіметі тау-кен инженері ретінде жалдаған француз инженері Пьер Копье орындаған фотоқұжаттары ұсынылды. Инженер Копье өзі суретке түсіріп, Зырян өлкесінің өткенінің тарихи сәттерін сақтап қалды. Бұл фотосуреттерді архивке 2010 жылы Франциядан Зырян қаласына келген немересі Пьер Джозеф Копье сақтауға ұсынды. Экскурсия соңында архив қызметкерлері мұндай кездесулер оқушыларға қажет және олар үшін маңызды екенін атап өтті, өйткені жаңа нәрселерді үйрену мүмкіндігі пайда болады, сондай-ақ бұл пайдалы ақпарат алудың және оқушылардың ой-өрісін кеңейтудің тәсілі.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru