Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Оқушыларға арналған экскурсия

Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ Зайсан филиалы 15 наурыз 2021 жылы «Архивпен таныстыру» атты экскурсия және «Зайсан қаласының тарихы» атты танымдық - лекция өткізді. Зайсан қаласының Ю. Гагарин атындағы орта мектептің 5 сынып оқушылары архивке экскурсияға келді. Архивпен танысып, құжаттар сақталатын қоймаларына кіріп, құжаттардың қалай сақталып тұрғанымен танысты. Оқушылар архив мекемесінің қандай қызмет атқаратынын, қандай құжаттар сақталатынын, құжаттардың сақталуы үшін қандай жағдайлар жасалатынын көзбен көрді. Қала тарихы туралы лекция оқылып, қала құрылғаннан бергі фотоқұжаттар, суреттер көрсетілді. Балалар өткізген шараға қызығушылықпен, танымдық өзгеріске қуанып қайтты.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2021
Рейтинг@Mail.ru