Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Құттықтау

2021 жылы 04 наурызда география ғылымының докторы, Д. Серикбаев атындағы техникалық университетінің профессоры, Анна Васильевна Егорина мерейтойын тойлатады.

Анна Васильевна Қазақ География қоғамының (ҚГҚ) толық мүшесі, ҚГҚ Өскемен филиалының төрайымы, кандидаттық диссертацияларды қорғау диисертациялық кеңесінің мүшесі, «Вопросы географии Казахстана», «ЭКОсфера», «Записки Усть-Каменогорского филиала «Казахское географическое общество» ғылыми журналдарының редакциялық кеңесінің мүшесі.

Өзінің ғылыми-педагогикалық қызмет жылдары Шығыс Қазақстанның жоғары оқу орындарына жаңа мамандықты – «Халықаралық туризм» қалыптастырумен айналысты, 11 жыл бойы Шығыс гуманитарлық институтында геоэкология және туризм кафедрасын меңгерді, мемлекеттік және орыс тілдерінде жаңа ұрпақ оқулықтарын «Экономическая и социальная география Казахстана» құрастыру бойынша ғылыми-әдістемелік жобаларына жетекшілік етті.

Егорина А.В. – 195 аса ғылыми-әдістемелік еңбектердің авторы, оның ішінде 12 монография, Шығыс Қазақстанның физикалық география бойынша аумақтық оқу құралдары, ЖОО-на дәрістер курсы мен жаттықтырулар - «Экология», «Экология и устойчивое развитие», электрондық оқу құралдары.

Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік архивінда географтарға, метеорологтарға, геологтарға, оқытушыларға, студенттерге қызуғышылық тудыратын өмірбаянына, ғылыми-педагогикалық қызметіне қатысты құжаттар сақталған.

 

 

 

Құрметті Анна Васильевна!

Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік архивінің атынан,

Сізді, шын жүректен Мерейтойыңызбен құттықтаймыз!

Сіздің іскер және адами қасиеттеріңіз, бірбеткейлігіңіз, жан-жақты білімділігіңіз, педагог және ғалым дарыныңыз әріптестер, студенттер мен достар арасында атақты мәртебесіне ие болды.

Мерекелі мерейтой күні, Сізге, денсаулығыңыз күйлі-қуатты, ғұмырыңыз ұзағынан, көрер қуанышыңыз молынан болсын деп тілейміз!

Мерейіңіз үстем, қадір-қасиетіңіз зор болсын.

Ұзақ игілікті ынтымақтастыққа үміттенеміз!

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru