Оқушыларға арналған экскурсия
2021 жылдың 26 ақпан айында Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ-нің Аягөз филиалында Аягөз қаласы №6 орта мектептің 9 сынып оқушыларына жалпы мемлекеттік архивті таныстыру мақсатында экскурсия өткізілді. Архивист Мерекеқызы Алуа оқушыларға архивтік сақталымға құжаттардың қайдан келіп түсетінін, архивте сақталымдағы құжаттардың жалпы санын, мемлекеттік архив жұмысының мақсаты туралы айтып өтті. Карантин режиміне байланысты оқушылар 3 топқа бөлініп санитарлық ережелер ескерілді. Экскурсия барысында оқушылар архив қоймаларына қойылатын талаптар туралы, қойма ішіндегі ылғалдылығының, санитарлық-гигиеналық режим нормаларымен, құжаттарды электронды форматқа ауыстыру туралы жұмыстарымен танысты. Оқушылар тарапынан әр түрлі сұрақтар туындап, оларға лайықты жауаптар берілді.