Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы» Заңға қол қойған болатын. Міне, биыл сол тәуелсіздігімізге, азат мемлекет болғанымызға 29 жыл толып отыр.

ШҚО цифрландыру және архивтер басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ-нің Аягөз филиалында 15 желтоқсан 2020 жылы мерекелік жиын өтті. Аягөз филиалының директоры К.С.Куренкеев барлық қызметкерлерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.  Бүгінгі егемендігіміз ұлы бабаларымыздың қабыл болған дұғасы, біздерге табысталған аманаты. Еліміздің тәуелсіздігі құтты, берекелі, баянды болсын.

Биыл Қазақстан халқы сан ғасырлар бойы бабалар армандаған азаттықты алып, аңсағанына қол жеткізген Тәуелсіздік күнін 29-шы рет қарсы алып отыр. Әрине, тарих үшін бұл тым қысқа, тіпті қас қағым сәт болып көрінуі де мүмкін. Әйтсе де, осы жылдар ішінде тәуелсіз мемлекет ретінде тындырған істер де аз емес. Өңірге ғана емес, әлемге танылдық. Дүниедегі күллі елдермен байланыс орнатып, тереземіз барша мемлекетпен теңесті. Бұл да сол Тәуелсіздіктің жемісі. Ендеше, егемен ел атанған Қазақстан үшін қандай да болмасын мерекенің, мейрам мен тойдың атасы - Тәуелсіздік күні екендігі даусыз әрі бұл солай болуы да тиіс.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru