Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

«Өлкетану оқулары - 2020»

Ғалым-өлкетануш, педагог, Раиса Самуиловна Федороваға арналған «Өлкетану оқулары - 2020» IV халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

2020 жылдың 11 желтоқсанында «С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті» КАҚ базасында Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ-мен бірлесе, ғалым-өлкетанушы, педагог, Раиса Самуиловна Федороваға арналған, IV халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді.

Конференция қатысушыларына құттықтау сөзімен «С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті» КАҚ-ның стратегиялық даму және ғылыми жұмыс проректоры, Ирина Владимировна Ровнякова сөйледі.

Конференция жұмысында ғалымдар, оқытушылар, өлкетанушылар, архив, музей, кітапхана қызметкерлері қатысты.

Профессор, тарих ғылымының кандидаты, И.А. Полторанинның, профессор, экология және география кафедрасының география ғылымының докторы, А.В. Егоринаның және тағы басқалардың баяндамалары тыңдалды.

ШҚО мемлекеттік архивінің ҒАА, құжаттарды жариялау және ғылыми пайдалану бөлімінің архивисті, Б.К. Адилбекова «Р.С. Федорованың жеке қорының жеке текті құжаттары» атты баяндамамен шықты.

Конференция жұмысын қорытындылай отыра, қатысушылар халықтың мәдени және рухани тәрбие ісінде өлкетанудың елеулі рөлін белгілеп өтті, конференция жұмысына жоғары баға берді. Сонымен қатар, іс-шараны ұйымдастыруда және өткізуде С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мен облыстың мемлекеттік архивінің қызметкерлерінің ауызбіршілігін белгіленді. Іс-шара қатысушылары, ғылыми-тәжірибелік біліммен алмасу мүмкінідігін бергені үшін өлкетану оқуларының ұйымдастырушылары үлкен алғыс білдірді.

 
070004, РК, Восточно-Казахстанская область г. Усть-Каменогорск, ул. Головкова, 26/1
Администратор сайта: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2021
Рейтинг@Mail.ru