Тұңғыш Президент күні
Зайсан филиалы архивінде 1 желтоқсан Қазақстан Бірінші Президенті күніне уақытша фото- құжаттар көрмесі дайындалды. Қыстың алғашқы айының 1-ші желтоқсаны, 2012 жылдан бастап Қазақстан халқы үшін айтулы мереке болып келеді. 2011 жылғы желтоқсан айындағы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының пленарлық отырысында «Қазақстан Республикасы мерекелер күні заңына» өзгерістер енгізілді. Президенттің ерен еңбегін бағалау, құрметтеу мақсатында мерекелік күн болып аталып өтуде. Бұл күннің еліміз үшін орыны бөлек, еліміздің тыныштығы, тәуелсіздігіміз, көп ұлтты Қазақ елінің жарқын күндері үшін тер төккен Президенттің еңбегін паш ететін күн!