А.С. Жанбосинова облыстық архивке Қазақстандағы 1920-50-ші жылдардағы саяси қуғын-сүргін туралы өзінің жаңа кітабын сыйға тартты
Л. Гумилев ат. ЕҰУ «Абай академиясы» ҒЗИ бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымының докторы, профессор Альбина Советовна Жанбосинова ШҚО мемлекеттік архивіне «Прошу снять с меня незаслуженное клеймо 58-й статьи» атты өзінің монографиясын сыйға тартты.
Монография Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің №АР05130870 «Саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы жады (1920-1950-ші жж.)» жобасы шегінде жазылған
Осы заманда, ХХ ғасырдағы саяси террордың тарихы өзекті зерттеу тренді болып әлі де қала береді. Саяси қуғын-сүргін тарихының тарихнамасы архивтік құжаттарды зерттеумен, соның ішінде жазалау әдістерін анық көрсететін жеке текті құжаттарды, жазаланғандардың тергеу істерді зерттеумен тығыз байланысты.
Басылымда, Кеңес өкіметінің жазалау машинасының диірменінде болған кеңес дәуірінің қарапайым жай адамның белгісіз тарихын көрсететін құжаттар іріктелген.
Монография Шығыс Қазақстанның өлкетануына өте бағалы үлес қосты.
А.С. Жанбосинова ғылыми жұмысының көп жылдар бойы облыстың мемлекеттік архивімен тығыз байланыс жасады, және Альбина Советовнаға сыйға тартылған кітабы үшін алғысымыз шексіз.
Бұл кітап, тарихқа, деректануға және өлкетануға қызығушылық танытып ғылыми жұмысын осы салалармен байланыстарған тұлғаларға өте қызық болады.