Марапат
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласы аудан әкімдігінің акт залында 14 қыркүйек 2020 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 25 жыл толуына орай салтанатты жиын өтті. Ассамблея көп ұлтты Қазақстан халқының бірлігін, ынтымағын нығайту үшін қыруар жұмыстар атқарды. Жиынға аудан әкімі Зайнулдин Серік Зинабекұлы қатысып, құттықтау тілегін білдіріп, мерейлі датаға байланысты Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қолы қойылған Ассамблеяның 25 жылдық мерекелік медалімен «Ауданның дамуына үлесін қосқаны үшін» Зайсан мемлекеттік архиві филиалының директоры Козлов Виктор Николаевичті марапаттады.