Қазақстан халықтарының тілдер күні
2020 жылы Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың қаулысымен Қазақстан халықтарының Тілдері күні - 5 қыркүйек деп белгілеу туралы шешім қабылданды. Бұл күн қоғам және мемлекет қайраткері, ағартушы, ғалым – лингвист, әдебиеттанушы, түркітанушы, ақын және аудармашы Ахмет Байтұрсыновтың туған күніне орай аталды.07.09.2020 жылы Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Мемлекеттік архив" КММ Алтай филиалы қызметкерлері үшін, Алтай ауданы әкімдігінің КММ «Тілдерді оқыту» орталығының оқытушылары ұйымдастырған «1001 Мақал» тренингі өткізілді. Алтай филиалының қызметкерлері осы іс-шараға белсенді қатысты. Тренингке қатысушылар қызығушылықпен бір-бірімен қазақ тілінде сұхбаттасып, топтарда белсенді жұмыс жасады. Тренинг барысында мұрағат қызметкерлерінің арасында достық пен келісім, коммуникативті ашылулары байқалды.