Семи
03 маусым 2020 жылы Аягөз филиалының директоры К.С. Куренкеев және архивистер К. Магрушева және С. Турарбекова Аягөз қалалық «Халыққа қызмет көрсету орталығына» (ЦОН) барып, «Архивтік анықтаманы беру» бойынша семинар өткізді. Архивистер қызметкерлерге еңбек өтілі, жергілікті атқарушы органдардың қабылданған қаулы мен шешімдері және т.б. сауалдардың үлгілерін толтыру жөніндегі нұсқаулықтармен таныстырды. Семинарда мемлекеттік қызмет көрсету барысы туралы, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға электронды түрде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері талқыланды.