«Ешкім де ұмытылмайды, еш нәрсе де ұмыт қалмайды!»
Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік архив» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Аягөз филиалында Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай «Ешкім де ұмытылмайды, еш нәрсе де ұмыт қалмайды!» атты көрмесі жаңартылып қойылды. Көрмеге соғыс жылдарындағы жазылған хаттар, ардагерлердің жеке суреттері мен төс белгілері жинақталып қойылған. Бұл құжаттардың барлығы архив сақталымында бар. Аталмыш көрме ардагерлеріміздің ерлігін ұмытпау мақсатында жасалды.