Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

«Зере әже ізімен...»

2020 жылдың 3 наурыз күні Жарма ауданының мәдениет үйінде Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Зере әженің ізімен...» атты қыз-келіншектер арасында байқау өтті.

Кіріспе сөзбен аудан әкімінің орынбасары А. Ибраев сайыстың шымылдығын ашып, қатысушыларға өзінің ыстық лебізін жеткізді.

Байқаудың басты мақсаты – Ұлы Абай шығармашылығын жас ұрпаққа, Абайдың ақын, тұлға ретінде қалыптасуына ықпал еткен салиқалы Зере әже, Ұлжан аналарымыздың образы арқылы ұлттық рух тәрбиесін, парасатты, білімді қазақ аруларының асыл қасиеттерін паш ету. Жас қыз-келіншектердің бойындағы сабырлылық, тектілік, нәзіктік, адамгершілік сияқты ізгі қасиеттерді кейінгі ұрпақтың бойына дарыту.

5 кезеңнен тұрған сайысқа ауданымыздың түкпір-түкпірінен келген 15 қыз-келіншектеріміз қатысты. Сайыс барысында аруларымыз білімімен сыналып, өнерін паш етіп, дана Абайдың шығармаларын жатқа орындап, сән-салтанаты келіскен халқымыздың ұлттық нақыштағы киім үлгілерін көрсетті.

Қазылар алқасы сайыс қорытындысы бойыша қыз-келіншектерді марапаттап, кішігірім сыйлық табыстады.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Бейбітшілік көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2020
Рейтинг@Mail.ru