Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Александр Григорьевич Лухтановтың 85 жылдығына арналған Бенефис

18.02.2020 жылы Орталық қалалық кітапхананың өлкетану залында жазушы-натуралист, өлкетанушы, фотосуретші – Александр Григорьевич Лухтановпен кездесу өтті. Александр Григорьевич Лухтанов Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында тау-кен инженері отбасында дүниеге келген. 1937 жылдан 1957 жылға дейін Алматы қаласында тұрып, Қазақ тау-кен институтын бітірген. Бөлу бойынша Зырян қаласына көшіп келіп, қорғасын комбинатында маркшейдер болып жұмыс істеді. Білімі бойынша инженер-маркшейдер, Александр Лухтанов тау-кен ісі, орнитология, энтомология және өлкетану бойынша көптеген мақалалардың авторы. 1986 жылдан 2002 жылға дейін Орта Азия мен Қазақстан бойынша экспедицияларға қатысып, Александр Григорьевич өлкетану және өлкеміздің тарихы бойынша бірқатар кітаптар жазды және басып шығарды. Зоология бойынша фотоиллюстрациялармен жабдықталған оның кітаптары Лондонда, Берлинде, Прагада әлемнің көптеген тілдерінде жарық көрді. Достары, жанкүйерлері мен әріптестері мерейтой иесімен осындай маңызды оқиғаны бөлісуге келді, олардан Александр Григорьевич көптеген құттықтаулар мен сыйлықтар алды. Алтай филиалының архивистері бұл оқиғадан шет қалмады және мерейтой иесіне құрмет білдірді.

\

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru