Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 31 жыл
14 ақпан күні мемлекеттік архивтің Жарма филиалының қызметкерлері Кеңес әскерлерінің Ауғаныстаннан шығарылуының 31 жылдығына арналған орталық саябақтағы қаза тапқан интернационалист-жауынгерлерге арналған ескерткішке азагүлдер қою, мерекелік шеруге қатысты. Ауданның қорғаныс істері жөніндегі майоры М.М.Саябаев интернационалист-жауынгерлердің ерліктері туралы баяндап, бір минут үнсіздік жариялады. Мерекелік іс-шара әрі қарай концерттік бағдарламамен жалғасты.