Архив тынысы
Зайсан мемлекеттік архиві жеке тектік құжаттар топтамасын жинақтауда аудандық Ардагерлер Кеңесімен бірігіп жұмыстар атқаруда. Ішкі істер саласында ұзақ жылдар қызмет атқарған Совет Сәлиев 80 жасқа келсе де, әлі ауданның тыныс тіршілігінен қол үзген жоқ. Архивке сақтауға «Дорогами Победы» атты Ішкі Істер саласындағы өмірбаяндық анықтамалық болып шығарылған 593 беттік кітапты сыйға тартты. Бұл кітап Ұлы Отан соғысына қатысушы Ішкі Істер саласы ардагерлерінің өмір жолынан бастау алып, қылмыстық орындау жүйесі қызметкерлеріне, бүгінгі күні қызмет сапындағы Ұлттық гвардия офицерлеріне, жастарға патриоттық үлгі кітабы ретінде саналады.