Тәуелсіздік мерекесі
Зайсан аудандық мәдениет үйінде 16 желтоқсан - Қазақстанның Тәуелсіздігі мерекесіне орай салтанатты жиын өтті. Жиынға аудан басшылары, мекеме – кәсіпорындардың қызметкерлері қатысты. Егеменді ел болып қайта түленген осы айтулы мерекеге орай 16-17 желтоқсан демалыс күндері болып күнтізбеге енгізілген.
Аудан әкімі Серік Ақтанов мереке күнімен құттықтап, аудан бойынша жыл соңындағы ауданның экономикалық-әлеуметтік, рухани-мәдени дамуына қажырлы еңбек еткен мекеме басшыларын марапаттады. Солардың ішінде архив басшысы Козлов Виктор Николаевичке Аудан әкімінің және аудандық мәслихат хатшысы атынан «Алғыс хатпен» марапатталды.
Жиын соңында мерекелік концерт беріліп, мәдени шараларға ұласты.