Салтанатты жиналыс
2019 жылғы 13 желтоқсанда ұлттық мереке - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік архивінде салтанатты жиналыс өтті.
Тәуелсіздік күні – көп ұлтты Қазақстанның ең атаулы мерекесі. Бүгінде біздің мемлекет Ұлт лидері Н.Ә. Назарбаевтың белсенділігі арқасында халықаралық атаққа ие болды. Сондықтан, мемлекетіміздің әрбір тұрғыны болашаққа сеніммен қарап, өзінің Қазақстан азаматы екендігін мақтап тұтары сөзсіз.
Салтанатты жиналыстың басталуы Мемлекеттік архивінің директоры С.Н. Рахметов сөз сөйлеуімен басталды.
Тәуелсіздік күні – қазіргі Қазақстанның басты мемлекеттік мерекелерінің бірі. Ол өзімен жаңа егеменді және тәуелсіз ел – Қазақстан Республикасының дүниеге келуін білдіреді. Бұл мереке біздің мемлекетіміздің еркіндігі мен тәуелсіздігінің нышаны болып есептеледі – деп айтып өтті.
Самат Нурланович барлық қызметкерелерді атаулы меркемен құттықтап, шын жүректен зор денсаулық, игілік, барлық бастамаларда сәттілік, ертеңгі сенімділік, әр жанұяға береке-бірлік тіледі. Отанымыз Қазақстан өркендеп, гүлдей берсін!