Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні
Дәл осы күні – 1 желтоқсанда Тұңғыш Президент сайланды, мемлекеттігіміздің барлық барысы мен дамуына даусыз ықпал еткен Қазақстан Республикасы Президентінің институты орнатылды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – қазіргі заманның көрнекті мемлекеттік және саяси қайраткері, бәсекеге қабілетті мемлекет құру үшін барлық күш-жігерін жұмсаған Ұлт Көшбасшысы. Бұл күні біз Ұлт Көшбасшысының мақсаттарына жетудегі стратегиялық дарындығының, даналығының, табандылығының арқасында мемлекетіміздің тәуелсіздік тарихы басталғанын ерекше мақтанышпен түсінеміз. 2019 жылы 30 қарашада Алтай қаласында «Горняк» Мәдениет үйінде Тұңғыш Президент күні аталып өтті. Іс-шараны ашқан Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметов қатысушыларға салтанатты түрде сөз сөйледі.
Мерекелік бағдарламаны Алтай қаласының би, вокалдық және аспаптық ұжымдары жалғастырды. «Горняк» мәдениет Үйінің фойесінде көрме ұйымдастырылды, онда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің қызметіне арналған публицистикалық материалдар, кітаптар мен журналдар, Ұлт Көшбасшысының тарихи очерктері кеңінен ұсынылды. Тұңғыш Президент күнін атап өтіп, алтайлықтар ел өткен қиын жолды бағалап, Ұлт көшбасшысына құрмет көрсетті. Іс-шараға Алтай филиалының архивистері Е. Красовская, О.Губарева, А.Байбатырова, С.Станских, А.Макишева қатысты.