Бірінші Президент күні мерекесі
Қыстың алғашқы күні 1 желтоқсан Қазақстан Республикасы Президенті күні болып есептеліп, 2012 жылдан бастап Қазақстан халқы осы айтулы мерекені тойлап келеді. Осы мерекелік күнге орай Зайсан мемлекеттік архиві жоспар бойынша белгіленген уақытша фотоқұжат көрмесін ұйымдастырды.
1 желтоқсан мерекеле күніне орай еліміздің әр аймақтарында мәдени, спорттық іс – шаралар атқарылып, түрлі жарыстар ұйымдастырылады.
Көп ұлтты еліміздің тыныштығын, татулығын, бірлігін айқындайтын айтулы мереке құтты болсын!