Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттерімен архивисттердің кездесуі

Құнды архивтік құжаттарды дәріптеу, сондай-ақ, қорлармен және архивтік құжаттарымен жұмыс жасау тәртібімен таныстыру мақсатында, Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, архвитер және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ-де 2019 жылдың 30 қазанында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Қазақ, орыс филология және журналистика кафедрасының «Журналистика» мамандығының студенттерімен кездесу өтті.

Кездесу барысында, облыстың мемлекеттік архивінің Ғылыми-анықтамалық аппарат, құжаттарды жариялау және ғылыми пайдалану бөлімінің қызметкері, Умутжан Казезовна Мухамеджанова студенттерді архив бөлімі мен қызметімен және оқу залының жұмыс тәртібімен таныстырды.

Қорлардың бас сақтаушысы Альмира Тугельбаевна Баелова ШҚО мемлекеттік архивінде сақтауда жатқан құжаттарды көрсетумен экскурсия өткізді.

Архив қызметкерелері кездесуді қортындылай отыра, ұлт жадысын сақтау және тарихи зерттеулерді дерекқорлармен қамтамасыз ету ісінде архивтің маңызды рөлін баса айтып өтті.

Іс-шара аяғында, Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушысы А.К. Қасымов студенттер атынан ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru