Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

«Сарыарқа менің жерім – Сарыарка моя земля»

29 қазан күні Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында облыста және одан тысқары жерлерде жақсы танымал жазушы-өлкетанушы, архивист Алдияр Әубәкіровтың «Сарыарқа менің жерім – Сарыарка моя земля» атты жаңа кітабының тұсаукесері өтті.

Авторды қолдауға ШҚ облыстық Маслихатының, ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының, облыстық мемлекеттік архивтің, «Арго» полиграфиялық компаниясының өкілдері, сондай-ақ «Звено Алтая» облыстық әдеби бірлестігінің ақындары мен жазушылары келді.

Кітап ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиетінің ең көрнекті өкілі Мағжан Жұмабаевтың қиын тағдырына негізделген. Іс-шарада ұсынылған кітапқа енген М.Жұмабаев пен А.Әубәкіровтың өлеңдері оқылды.

Кітап авторы қияндағы Магадан мен өзінің туған жері - Петропавлға барған сапарлары, зерттеулері туралы айтып берді. Онлайн тәртібіндегі тұсаукесерге Ғ.Мүсірепов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері, ақынның туыстары: туған жиені Бекенев Тасболат Салтайұлы қызы, М.Жұмабаев атындағы педагогика колледжінің оқытушысы Гүлмира Тасболатқызымен қатысты (Петропавл). Ақынның өміріндегі қызықты деректер туралы ақпаратты Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мұрағатының мұрағатшысы З.Закирин және Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті Ақпараттық-талдау орталығы Арнайы мемлекеттік архивінің бас маманы полиция майоры Е.Р.Валиулина толықтырды. А.А.Әубәкіровке Ресей жазушылар одағының мүшесі куәлігі тапсырылды. Жазушыны «қаламдас» әріптестері - Б.В. Щербаков, Н.С. Матвеева, Г.Н. Пуссеп, И.В. Дурноволар құттықтады. Кездесу соңында Алдияр Ақылбекұлына Петропавл тарапынан көптеген жылы сөздер мен тілектер айтылды. 

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru