Семинар
30.10.2019 жылы Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ-нің жабдықтау және ведомстволық архивтерді бақылау бөлімі «Өскемен қаласының білім басқармасы» ММ-нің ведомстволық бағыныстағы жүйесінің ұйымдарының іс жүргізу және кадрлық қызмет қызметкерлеріне іс жүргізу мен құжаттарды архивте сақтау сұрақтары бойынша семинар өткізді. Семинарда, Өскемен қаласының орта мектептері мен балабақшаларының өкілдері қатысты. Нормативтік-құқықтық базадағы өзгерістер, іс номенклатурасын құрастыру, құжаттарды қалыптастыру, ресімдеу және ведомстволық сақтау сұрақтары талқыланды.