Алтай филиалының архивисін марапаттау.
13.09.2019 жылы Алтай ауданында «Горняк» мәдениет үйінде Ішкі істер Департаментінің полиция генерал - майоры Ж. Бақтыбаевтың есеп беру кездесуі өтті. Кездесу барысында Алтай ауданы ІІБ-нің 3 қоғамдық көмекшісі мақтау қағаздарымен марапатталды. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ Алтай филиалының архивисі Любовь Николаевна Дворянкина қоғамдық тәртіпті сақтауға белсенді қатысқаны және қылмыспен күресуде және құқықтық тәртіпті сақтауда ішкі істер органдарына көмек көрсеткені үшін грамотамен марапатталды.