Қазақстан Республикасының Конституция күні
29.08.2019 жылы Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай Аягөз Орталық стадионында салтанатты жиын өтті. Мерекелік шараға ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ-нің Аягөз филиалының қызметкерлеріде өз үлестерін қосты. Осыған байланысты салтанатты жиында, «Қазақстан Республикасы Конституциясының ұлықтығын қамтамасыз етуге, елдің тәуелсіздігін, Қазақстан қоғамындағы келісім мен тұрақтылықты нығайтуға, азаматтардың конститутциялық құқықтарын қорғауға қосқан елеулі үлесі үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституция күніне орай аудан әкімі алғыс хаттармен марапаттады. Сонымен қатар, Мәдениет үйі мерекелік шараға байланысты концерт ұйымдастырды.