Әлем бейбітшілік жүгірісі
02 тамыз 2019 жылы 140 ел мен 6 құрлықты аралаған «Әлем жүгірісі - 2019» халықаралық достық алау эстафетасы Зайсан өңіріне келді. Талай жыл бұрын басталған эстафетаға он миллионнан аса адам қатысыпты. Ресей жерінен бастау алған эстафета 27 шілдеден 12 тамыз аралығында Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында жалғасын тапты. Құрамында Ресей, Беларус елдерінің спортшыларын, эстафеташыларды Зайсандық жас спортшылар қарсы алып, солармен бірге орталық алаңға дейін жүгіріп келді. Акцияға қатысушылар Қазақстан жерінде жүгіріп, мәрені Омск қаласында аяқтайды. Алаңда қонақтарға шашу шашып, қошемет көрсетіп, соңында аудандық көркемөнерпаздардың қатысуымен ән шырқалып, күй тартылды. Эстафеташы–спортшылардың айтуынша «Әлем жүгірісінің» мәнімен мақсаты: жер шарындағы бейбітшілік пен мәдениетті сақтау, өзара түсіністік деп түсіндіріп, қарсы алып жатқан Зайсандықтарға ізгі тілектерін, ризашықтарын білдірді. Архив ұжымы да ауданда өткен бұл шараға қатысты.