Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

«Золотой Тургусун - 2019»

2019 жылдың 5-7 шілде аралығында Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданында маңызды оқиғалардың бірі: XII Халықаралық «Золотой Тургусун-2019» атты өнер фестивалі өтті. Биылғы жылы конкурс өтетін орынды ауыстыру туралы шешім қабылданды. Мұнда өңіріміздің тұрғындары ғана емес, жақын шетелдерден келген қонақтар да келді. Әр түрлі жастағы шығармашылық адамдар екі өзеннің: Бұқтырма және Тұрғысын жағалауына жиналды. Тұрғысын аударғанда «құтырған бұқа суы» дегенді білдіреді. Бірақ бұл шығармашылық адамдарды еш қорқытпайды. Фестивальдің бір күні ішінде бір жылға жететін күш-қуатпен қуаттануға болады. Жағалауда үш күн бойы ән айту мен гитараның дауысы еш тоқтамады. Шығармашылық бағдарламаға тамаша үзіліс ретінде өзенде шомылуға мүмкіндік болды, бұған ауа-райы да бөгет болмады. Түнде от жағып, гармонь және гитарамен ән шырқалды, оқиғаға бай күннен алған әсерлерімен бөлісті. Фестиваль қонақтары мен қатысушыларының бір-бірімен сөйлесуге және отыруға мүмкіндігі болған стильдік үстелдер мен орындықтар ұйымдастырылды. 2019 жыл Н.Ә. Назарбаевпен «Жастар Жылы» деп жарияланған. Фестивальда әртүрлі жастағы балалар да аз болмады. Кейбіреулері көрермен ғана емес, сонымен қатар қатысушылар болуға дайындалды. Фестивальге келген адамдар саны 2 мыңнан асты. Дәстүрлі түрде байқауға ақындар, прозаиктер, қазақ және орыс тілдеріндегі бард әндерінің авторлары мен орындаушылары, суретшілер, фотографтар, қолданбалы өнер шеберлері қатысты. Халықаралық фестиваль мәртебесін меңгере отырып, ол әр түрлі халықтардың мәдениетін көтереді. Фестивальдің басты міндеті-Алтай ауданына туристер мен зерттеушілерді тарту, адамның табиғатқа деген қызығушылығын арттыру. Біздің халқымыз таланттарға бай, біз оларға сенеміз және осы керемет адамдармен келесі кездесулерді күтеміз. Өскелең ұрпақ біздің туған өлкеміздің және бүкіл әлемнің тағдырына немқұрайды әрі бейжайсыз қарамайтын болады деп үміттенеміз. Фестивальге Алтай филиалының архив қызметкерлері О.В. Губарева және Е.Л. Красовская қатысты.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru