Тарихи-өлкетану мұражайының ашылу салтанаты
Ұлттық домбыра күніне орай, 1 шілде күні Қалбатау ауылының орталық саябағында аудандық тарихи-өлкетану мұражайының ашылу салтанаты өтті. Аталған мереке аясында ауыл тұрғындарының дайындаған Ұлттық тағамдар жәрмеңкесі, Жарма ауданының «Өнер мектебінің» тәрбиеленушілерінің дайындаған қолөнер көрмесі өткізілді. Сонымен қатар, «Ұлттық өнер, салт-дәстүр ұлылығымыздың белгісі» атты көрініс қойылып, «Кәусәр» халық ұлт-аспаптар оркестрінің концерті ұсынылды. Іс-шара орталық алаңда Ә.Қашаубаев атындағы филармония әртістерінің концертімен жалғасып, Мәдениет үйінде «Алтын тақ» кинофильмнің премьерасымен аяқталды.
Тарихи-өлкетану мұражайында ауданымыздың құрылғанынан қазіргі уақытқа дейінгі, даму тарихын бейнелейтін, жәдігерлер жинақталған. Қазіргі уақытта әр салада ауданымыздың дамуына үлес қосып жүрген азаматтар туралы деректерді көруге болады. Архив саласында ұзақ уақыт қызмет жасап жүрген Сахарина Жамал Нұртуғанқызының құжаттары да бар.