Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

«Әуеннің күші сиқырлы»

«Музыка жүректің этикалық жағына
белгілі бір әсер етуі мүмкін;
өйткені музыка мұндай қасиеттерге ие болғандықтан,
ол жастардың білім алуына арналған тақырыптардың
санына қосылуы керек».
(Аристотель)

2019 жылдың 31 шілдесінде Михаил Борисович Шегайға 80 жас толар еді. 2018 жылдың 18 желтоқсанында ол көз жұмды. Қазақ ССР халық ағарту ісінің үздігі, 1973-2002 жылдары Лениногор Балалар музыка мектебінің директоры, Лениногор қаласындағы Корей диаспорасының ұлттық мәдени орталығының жетекшісі Михаил Борисович өз өмірінің көп бөлігін өскелең ұрпақты Дүниежүзілік музыкалық шығармашылыққа баулуға арнады.Михаил Борисович Шегай (Миса Тегай) 1939 жылы 31 шілдеде Қызылорда облысы, Яна - Қорған ауданы, Тюмень - арық станциясында 1937 жылы Қиыр Шығыстан Қазақстанға жер аударылған Шегай Бенмук пен Ким Софья отбасында дүниеге келген. Юрий Манаковтың «Өмірдің бақытты жемістері» мақаласынан: «1937 жылы Шегайдың ата-анасы кіші балалармен, Михаил Борисовичтің ағалары әпкелерімен қуғын сүргінге ұшыраған және сол уақытқа дейін Қиыр Шығыс шекара маңында өмір сүрген мыңдаған корей отбасыларымен Орта Азия және Қазақстанға қудаланған... Ал Сыр-Дария жағасына Қызылорда облысына келген соң Шегайдың отбасындағы 4 жас балаға қорқынышты күндер туды. Қиыр Шығыста дүниеге келген балалар қатты сырқаттанғанан кейін бірінің артынан бірі қайтыс болды. Барлық 9 ағайындылар мен әпкелерден 2 ғана тірі қалған: Михаил және Алексей...». Мақала Ресей Жазушылар Одағының мүшесі Юрий Семенович Манаков пен онымен кездесуден кейін Михаил Борисовичтің 70 жылдығына арналып жазылған және 2009 жылдың 24 шілдесінде "Лениногорская правда" газетінде жарияланған (анықтама үшін - қала газеттері Лениногорская правда - Вечерка филиалдың анықтамалық-ақпараттық қорына кіре отырып мемлекеттік сақтауға берілгенен кейін мамандар оны жұмыс істеу үшін қолданады, сонымен қатар осы мақала үшінде.
Бала кезінен Миса әуен мен айналысқан, тромбонда ойнаған. Мектептің комсомолецтердің алдынғы қатарында болған. 1954 жылы Тюмень-Арык №52 орта мекетебін бітіріп сонда аға пионер вожатый болып жұмысқа орналасып қалды.

Мектепті бітіргені туралы куәлік

 

Тегай Миса (сол жағынан төртінші) №52 Тюмень-Арық орта мектебінің комсомолдарымен, 18сәуір 1955ж.

1958 жылы Кеңес армиясына шақырылып Воронеж гарнизонының 46-шы мотоатқыштар Свирск-Померан дивизиясында қызмет атқарған. 1961 жылдың ақпанында дивизияның партиялық комиссиясының ұсынысы бойынша Кеңес Одағының Коммунистік партиясының мүшелігіне кірді.

Курск қаласы, 23.05.1959ж.

Демобилизациядан кейін Курск облыстық комсомол комитетінің жолдамасы бойынша Михаил Шегай Лениногорға келді. 1963 жылы № 3 таукен өнеркәсіп училищасын бітіргенен кейін 40 жыл ВЛКСМ Лениногор полиметаллды комбинатында 5 дәрежелі бурильщик болып жұмыс істеді.

Шегай М.Б. ВЛКСМ 40 жыл руднигінің шахтерлерінің ортасында, Лениногор қ., 1964ж.

Жұмыстан бос уақытында Мәдениет Сарайының симфониялық оркестрінде ойнады.Михаил Шегайдың музыкаға деген тартылысы алдынғы өмірлік ұстанымын нақтылады.

Рухани оркестрда өнер көрсету,  Лениногор қ., 1960-жылдар

1965 жылы Өскемен музыкалық училищесінің сырттай бөліміне "Музыка теориясы" мамандығы бойынша түсіп, ЛПК Мәдениет сарайының музыкалық студиясында музыкалық - теориялық пәндерді сабақ берді, скрипкада және көптеген фольклорлық аспаптарда ойнады.1970 жылы училищені бітіріп, Михаил Борисович музыкалық студияда жұмысын жалғастырды, ал 1971 жылдың 1 қыркүйегінен Лениногор Балалар музыка мектебіне музыкалық-теориялық пәндер мұғалімі болып орналасты.

Өскемен музыкалық училищесінің теория бөлімінің түлектері, маусым 1970ж.

Балалар музыка мектебінде, 1970-жылдары

Осы жылдың қараша айында оқу бөлімінің меңгерушісі болып ауыстырылды, ал 1973 жылдың 23 қарашасынан мектеп директоры болып тағайындалды.Музыканы шексіз сүйетін Михаил Борисович әріптестермен мейірімді болды, оқушыларға әкелік қамқорлығын көрсететін.Мен музыкалық мектебінің оқушысы болған кезімде 1980 жылдары  Михаил Борисовичтің мейрімділігімен сөйлеу мәнері әлі есімде -ол ешқашан дауыс көтермейтін қандай жағдай болмасын тіпті 1ші сынып оқушыларына да Сіз деп сөйлесетін ал оның мейірімді қоңыр көздері үнемі күлімсіріп тұратын.Михаил Борисович музыкалық мектепте жұмыс істеген жылдары  бірнеше рет құрмет грамотасымен марапатталған, ақшалай сыйлықтарменде марапат-талған. «...Оқушылардың музыкалық білім беру саласындағы жемісті жұмысы, олардың көркем талғамын, шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеуі және тамаша өнер әлеміне баулу...", "...жаңа оқу жылына мектепті сапалы жөндеуден өткізгені және жақсы дайындағаны үшін...", "...қаланың қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысқаны үшін…». 1977 жылы Ұлы Октябрьге 60 жыл толуынабайланысты  М.Б. Шегай Лениногорск қаласының Құрмет Кітабына енгізілді. Бүкілодақтық "Знание" қоғамының мүшесі үнемі мұғалімдердің білімін жетілдіру орталық институтының курстарында өзінің кәсіби біліктілігін арттырды.

Лениногорск қаласының Құрмет Кітабына енгізілгені туралы куәлік

 

1984 жылдың 8 қаңтарында жалпыға ортақ бейбітшілікті, халықтар бостандығы мен қауіпсіздігін нығайтуға белсенді қатысқаны үшін Кеңес Бейбітшілік қорына жәрдемдесу облыстық комиссиясының Құрмет грамотасымен, 1990 жылы "Қазақ ССР халық ағарту ісінің үздігі"белгісімен марапатталған. Осы жылы Лениногор қалалық партия ұйымынан Қазақстан Компартиясының XVII-ші съезінің делегаты болып сайланды, 1994 жылы Лениногор қалалық мәслихатының бірінші шақырылымының депутаты болып сайланды.

Михаил Борисович оқу-тәрбие үрдісінің шебер басқаруының, музыка мектебінің оқытушыларына әдістемелік көмек көрсетудің арқасында музыкалық мектептің орыс халық аспаптар оркестрі III Республикалық корей мәдениеті мен өнері фестивалінің дипломанты болды, "Емелюшка" ансамблі "Роза ветров" (Ресей) балалар-жасөспірімдер шығармашылығының IV Халықаралық конкурсының қатысушысы болды, ал хор, халық, камералық, үрмелі музыканың концерттері көпшілікке танымал болды.
Юрий Семенович Манаков өзінің мақаласында жазған: «Музыка мектебі сол жылдары қаланың көптеген құрметті тұрғындарының мойындауынша, мәдениет орталығы болды. Мұнда республиканың танымал музыканттары ғана емес, сондай-ақ виолончелист Даниил Шафран және басқалар сынды әлемдік деңгейдегі жұлдыздар да келуге арланбаған. Михаил Борисович бастаған оқытушылар Өскеменге әлемге әйгілі, Ұлы пианист Святослав Рихтердің концертіне барды».    Михаил Борисович Шегайдың 50 жылдығына орай Лениногор қалалық халықтық білім беру бөлімі мен қалалық халықтық білім беру қызметкерлері кәсіподағының құттықтау мекенжайынан «Лениногордықтар сізді мәдени-көпшілік іс-шаралардың белсенді қатысушысы, музыка мен концерттер туралы дәрістердің жақсы ұйымдастырушысы ретінде біледі.Бірнеше жыл бойы сіз ағарту қызметкерлері кәсіподағының қалалық комитеті президиумының мүшесі болып сайландыңыз. Қазіргі уақытта ғылыми коммунизм мектебін өз ұжымында шебер басқарып отырсыз…Әрқашан сізбен бірге жалықпаушылық, сүйікті іспен әуестенушілік, адамдарға шексіз тілектестік, еңбектегі сарқылмайтын күш қуат болсын".
Балалар музыкалық өнер мектептері директорларының республикалық кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы корейлерінің III-ші съезінің делегаты Михаил Борисович 1995 жылы Лениногор қаласында корей мәдени орталығын құрды және оның бірінші басшысы болды.Орталықтың негізгі міндеті-басқа ұлттар мен ұлыстарды корей халқының тарихына, өнеріне және мәдениетіне тарту болды. «Музыка-әрбір ұлт өзінің ортақ пайдасына енгізетін Қазына» (П.А.Чайковский).Орталық Риддер қ. және оның маңайында тұратын кәрістер отбасыларын тіркеуді жүргізді, 1935-1937 жж. қуғын-сүргінге ұшыраған кеңестік кәрістер қалпына келтіруде көмек көрсетті, ана тілін үйрену бойынша курстар ұйымдастырды. М.Б. Шегай өзінің тәжірибесімен бөлісіп, "Возрождение" неміс мәдени орталығына қолдау көрсетті, "Шаңырақ" және "Қазақ тілі" Қазақ қоғам-дарымен, славян қоғамдық бірлестіктерімен тығыз байланыста болды. Түрлі ұлтты жүздеген лениногоршылар Михаил Борисовичтің бастамасымен "ЭМ Би Си" оңтүстік-корей компаниясы түсірген "Корейцы"көркем фильмінің түсіріліміне қатысты.
2002 жылдың 3 сәуірінде М. Б. Шегай құрметті демалысқа шықты. Ол 32 жылын жас Лениногоршылыр - риддерліктерге әсемдік түсінігін ішкі дамытуға, оларды музыкалық рухани бастауды тәрбиелеуге арнады.Осы уақытқа дейін Михаил Борисовичтің жанында оның жұбайы - музыкалық мектепте фортепиано сыныбы-ның оқытушысы Жанетта Михайловна болды.Ол оған екі қыз, Евгения және Валерияны сыйлады. Нәзік, сүйкімді және батыл әйел күйеуімен жеңіс қуанышын және ысыраптың қайғысын бөліседі. Ол күйеуінен жарты жыл бұрын көз жұмды - 2018 жылдың 14 шілдесінде.


Балалар музыка мектебінің педагогикалық коллективі, Лениногор, 2001ж.

Шегай отбасы мұрағатында - Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың (2001ж.), ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Н. Щербинина (1998ж.), Шығыс Қазақстан облысының әкімі В. Метте және Лениногор қаласы әкімі Ю. Кудинова (2000ж.) мәдениет дамуының маңызын түсінгені, тапсырылған іс үшін жауапкершілік сезімі болғаны, жоғары кәсіпқойлылығы, өзіне және әріптестеріне талап қоюы, мемлекеттік және қалалық мерекелерді, мерейтойлық және атаулы күндерді ұйымдастыруға және өткізуге қолдау көрсеткені үшін Алғыс хаттары бар. Бұл және көптеген басқа құжаттар Михаил Борисович пен 2004 жылы филиалға мемлекеттік сақтауға берілді.


Ю. Манаковтың мақаласына оралайық «Өмірдің бақытты жемістері»:
«- Михаил Борисович, егер бәрін басынан бастаса, - мерейтой иесіне сакраменталды сұрақпен жүгінді,- Сіз өз өміріңізде бірденені өзгертерме едініз? Мүмкін әлде қайда жеңіл жолды таңдарма едіңіз?
- Ешқашан. Сүрген өмірімде ештеңеге өкінбеймін, мен осыны мақсат еттім. Мен өз мектебім мен өмір сүрдім Құдайдың берген күш жігерімен мүмкіншіліктермен оның материалдық жағдайын, шығырмашылық үрдісін өзгерткім келді. Сондықтан классиктің "күнсіз өмір сүрген жылдар туралы" сөзі бойынша өкінішім мүлде жоқ».
Ю. Манаковтың мақала жалғыз емес. М.Б Шегай туралы және оның музыкалық мектебі туралы өз мақалаларында В. Лукьянов, музыкалық мектебінің меңгерушісі "Сиқырлы музыка мотивтері», Р. Бунимович «Музыкаға деген қасиетті махаббат», Ю.Катаев "Аяқталмаған жөндеу аясындағы музыка сабақтары», Г. Давыдова «Өмір әуені». 2018 жылдың 28 желтоқсанында «Лениногорская правда» газетінде «Жалақы үшін емес жан дүниесінің қалауымен» атты Музыкалық мектебінің ұжымымен жарияланған мақала шықты.
Михаил Борисовия Шегай Музыка Мұғалімі жолын таңдады. Оны жақсы көреді, еске алады, оның қажымас қайраты мен таңданады. Оның білімінің ұшқындары әлі бар олар оқушылырында бар. «Әуен – ол дүнежүзінде аударылмайтын жалғыз тіл онда жан жанмен түсініседі» (Бертольд Ауэрбах).
Облыстық мемлекеттік архивтің Риддер филиалының фойесінде (бірінші қабатта) М.Б. Шегайдың туғанына 80 жыл толуына арналған "Өмір музыкасы" фотоқұжаттық көрмесі экспонатталады. Көрмеге қатысқысы келетіндер көре алады. Филал 9.00-18.00 дейін жұмыс істейді Түскі үзіліс 13.00 ден 14.00 дейін. Сенбі және жексенбі-демалыс күндер. Филиал мамандары көрме бойынша экскурсия жүргізе алады (анықтама телефоны 42645).

Шегай М.Б. Корея Республикасының Алматы оқу-ағарту орталығы курсанттарының арасында, Алматы, 1998ж

 

 

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru