Жас архившілердің ІІІ Жазғы мектебі
Қазақстан Республикасы Президент Архиві мен Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің базасында Алматы қаласында 2019 жылдың 10-14-ші маусым аралығында Жас архившілерінің ІІІ Жазғы мектебінің өтуі, ТМД елдерінің архив мекемелерінің мамандары үшін дәстүрге айналды.
2019 жылдың 10 маусымында сағат 10.00-де ТМД елдері Жас архившілерінің ІІІ Жазғы мектебінің Қазақстан Республикасы Президент Архивінде салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ашылу іс-шарасында Қазақстан Республиксы Президент Әкімшілігінің, Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетінің, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің, дипломаттық қызметтердің өкілдері және архив мекемелерінің басышлары сөз сөйледі. Форум жұмысында Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан әріптестеріміз қатысты. Жазғы мектебінде Польша, Ресей және Қазақстанның жетекші мамандардың дәрістері оқылды.
Іс-шара бағдарламасы тек Мария Склодовская-Кюри университетінің архивтану және қосалқы тарих пәні кафедрасының доценті Артур Горактың, РМГУ профессоры, т.ғ.д. М.В. Лариннің, ҚР Президент Архиві директорының орынбасары А.Х. Мустафинаның, Әл-Фараби атындағы Қазақ ҰУ доценті Б.Е. Нурпеисованың дәрістері тыңдалып, дөңгелек үстел мен тұсаукесерлерден қана құралмай, сонымен қатар Алматы қ. Орталық мемлекеттік архивімен, Әл-Фараби атындағы Қазақ ҰУ музейімен, Алматы қ. Ұлттық мемлекеттік музейімен, ҚР президент Архивімен таныстырудай мәдени іс-шаралар әтті. Іс-шара барысында, Шығыс Қазақстан облысының Мемлекеттік архивінің өкілі А:Ш. Сейтказина ALFARABI.TV арнасына сұхбат берді.
Жазғы мектеп ТМД елдерінің архив мамандарына сапалы білім алу үшін жаңа форматтағы білім алу алаңы болып келеді. Цифрлау мен модернизация архивті айналып өтпеу керек. Жас архившілердің ІІІ Жазғы мектебі аяқталғаннан кейін, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.