Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
2019 жылдың 4 маусымында Аягөз қаласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнінің 27 жылдығына арналған орталық стадионда салтанатты шара өтті. Мерекеге Аягоз қаласындағы жалпы білім беретін мектептердің оқушылары мен әскери бөлім қызметкелері жиналды. Қазақстанның елтаңбасы мен туы салтанатты түрде алаңға шығарылды. Содан кейін Мемлекеттік әнұран айтылды. Мемлекеттік рәміздер тәуелсіз Қазақстанның ең құрметті атрибуттары, ұлтымыздың мақтанышы болып табылады.
Іс-шараға ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ-нің Аягөз филиалының архивистері белсенді қатысты.