«Рәміздерім – мақтанышым!»
4 маусым күні Қалбатау ауылындағы «Мәңгілік ел» монументі алаңында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері күніне арналған «Рәміздерім – мақтанышым!» атты акция өтті.
Мерекелік шараның басты мақсаты мемлекеттік рәміздерді насихаттау, жастардың бойында патриоттық сезімді арттыру.
Жарма ауданы әкімінің орынбасары А.Ибраев және Қарасу ауылдық округінің бас маманы Ошай Байтола шараға қатысушыларды мемлекеттік мерекемен құттықтап, велошеруге қатысқан қатысушыларды қарсы алды. Мәдениет саласының қызметкерлері жиылған қауымға концерттік бағдарлама ұсынды. Аталған шараға Жарма филиалының қызметкерлері қатысты.