Ұлы Отан соғысынының Жеңісіне арналған мерекелік іс-шаралар
9 мамыр – Біздің тарихымыздағы ең мәнді күндердін бірі. 9 мамыр күні Жарма ауданының орталығында Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске арналған іс-шаралар өткізілді.
Жарма филиалының қызметкерлері орталық саябақта орналасқан Жеңіс ескерткішіне гүлшоғын қою рәсіміне қатысты.
Аудан әкімі Нургожин А.А. соғыс ардагарлерін және аудан тұрғындарын Жеңістің 74 жылдығымен құттықтады. Орталық алаңда аудан орталығы мекемелерінің дайындаған театрланған көріністері көрсетілді. Іс-шара әрі қарай мерекелік концертпен жалғасты.
Жеңіс күні–бұл біздер үшін жанын құрбан еткен батырларымызды құрметтеу күні. Біз мықты халықтың ұрпақтарымыз, олардың ұлы ерліктерін ешқашан ұмытпаймыз.