1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні
Қазақтың байтақ даласы бүгінде 150-дан артық ұлт өкілдеріне ортақ отан болып тұр. Сол себепті де 1 мамыр – халқымыздың бірлігі күні болып есептеледі. Қазақстан халқы үшін ең ірі мерекелердің бірі. Ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттауда. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше. Бұл күн - әрбір Қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Бейбіт өміріміздің аспаны Алтай қаласының тұрғындарына Қазақстан халқының бірлігі мерекесін тойлауға мүмкіндік беріп, Мәдениет және Спорт сарайында үлкен мерекелік бағдарлама өткізілді. Мерекелік бағдарламаны Алтай қаласының әкімі Токсиітов Нұржан Тлеужанұлы қала тұрғындарын құттықтау сөзінен бастады. Мерекелік бағдарламаны Алтай қаласының «Гармония» би тобы жалғастырып көремендерге жақсы көңіл- күй сыйлады. Мерекеге арналған бағдарламаны Алтай филиалы архиві ұжымы тамашалап қайтты. Бұл мерекені бағалау, оны сақтау әрбір Қазақстан азаматының міндеті болып табылады.