«Өшпес даңқ сынағы»
"Подвиг этот, будет в памяти жить
И в наших сердцах гореть!
Тех, кто с врагом был готов разделить,
Поровну только смерть!"
Ким Добкин
2019 жылы 02 мамырда Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік архивінде Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске арналған «Өшпес даңқ сынағы» фотокөрменің тұсаукесері және «Кеңес одағының батырлары» мен «Рухымен мықтылар: 3 дәрежедегі толық кавалерлер туралы» тақырыбы бойынша бейне сабақ өтті.
Іс-шарада Шығыс Қазақстан облыстық техникалық-экономикалық колледжінің бірінші курс студенттері қатысты.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс – халқымыздың ерлігі мен даңқы. Ақырғы жылдары тарихымынздың бағалауы мен фактілері қаншалықты өзгеріске ұшыраса да, 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні – өзгеріссіз қалады. Жауынгерлерге мәңгілік даңқ!
Қайран, Ұлы Отан соғысындағы қатысушылардың саны күннен күнге азайып барады. Және, Жеңістен кейін дүниеге келген адамдар соғыс туралы енді қатысушылар мен өз көзімен соғысты көрген ерлерден емес, көбінде фильмдардан, кітаптардан, оқулықтардан, тарихи еңбектерден біледі. Содықтан, жаңа ұрпаққа өткен соғыс туралы шындықты жеткізу – ең игі мақсат.
«Өшпес даңқ сынағы» атты фотокөрмеде және «Кеңес одағының батырлары» мен «Рухымен мықтылар: 3 дәрежедегі толық кавалерлер туралы» тақырыбы бойынша өткізілетін бейне сабақта Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік архивінің архивисттері Мухамеджанова У.К., Капитанова Ш., Сейтказина А. өз өмірін ойланбастан аяусыз туған жері мен ашық аспан үшін қиған ерлері туралы айттып берді. Ия, олар ерлік жасады, олар қаза тапты, бірақ олар ешқашан жауға берілмеген. Отан алдында өз міндетін саналы түрде ұғыну қорқыныш пен ауру сезімін, және өлім туралы ойды өшірді. Демек, ерлік – есепсіз жасалған іс емес, керісінше істің дұрыстығы мен айбындылығына сенімділік, сол үшін адам саналы өз өмірін қиды.
Олардың ерліктері, бейбітшілікті, бақытты, бостандықты қадірлейтін миллиондаған адамдардың жүректерінде мәңгілікке сақталады.