Кешегі күн – бүгінгі тарих
Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік архиві Зайсан филиалының оқу залында сақталған қор құжаттарымен, Зайсан аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекші мамандары жұмыс істеді. Санитарлық –эпидемиологиялық қызмет көрсету бөлімі аудан бойынша өз жұмысын 1927 жылдан бастаған. Құрылғаннан бергі бөлімнің қаншама жылды қамтитын құжаттарымен қызметкерлер танысып, құрылу тарихын, әр жылдардағы мекеме басшылары, қызметкерлері жайлы, жәнеде ауданда жұқпалы аурулардың тіркелу жағдайлары туралы мәліметтермен танысты. Архив құжаттарынан алынған мәліметтердің негізінде, Зайсан аудандық денсаулық сақтау басқармасы сәуір айында «Біздің мекеме» атты «Жерұйық» эксклюзивті журналын дайындап шығарды. Журнал архивке сыйға берілді, архив кітапханасы тағы бір журналмен толықты.
Архивтің оқу залында қор құжаттарымен жұмыс істеушілерге әрдайым есігіміз ашық.